Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр


Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің  сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар. «Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ  еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», - деді Т. Қайнарбеков. Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.