Қапшағайдағы сарбаздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты


Тергеушілер Бекболат Құрбановты өз-өзіне қол салуға мәжбүрлеген деп күдіктеніп отыр. Әзірге нақты кімдердің айыпталып жатқаны айтылған жоқ. Қапшағайда келісім-шартпен қызмет еткен 22 жастағы десантшының денесі өткен аптада асылып тұрған жерінен табылған. Марқұмның жақындары ұлдарының жәйден-жай асылмағанына сенімді. Тіпті олар о баста сарбаздың денесінде ұрып-соғу белгілері болғанын айтқан. Қара жамылған ата-ана бұған Бекболат қызмет еткен бөлім басшылығын кінәлап отыр. Ал командирлері десантшының банктерге белшеден қарыз екенін айтып, суицидтің себебі сол дегенді меңзеген болатын.