Қапшағайдағы түнгі клубқа келген қала тұрғынын көзінен атып кетті

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, зардап шеккен азаматты «Рай» түнгі клубының жанында бейтаныс жігіт травматикалық тапаншамен атып кеткен.

Оның бет-бейнесі анықталды. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.