Қапшағайдағы жанжал: Шенеунік есірткі шегіп алған күйде ұсталды


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ормышевтың жеке көлігін тінту барысында көлік жүргізушінің орындығы астынан кептірілген қарасора табылды. Тінту кезінде Ормышевтың өзі де есірткінің әсерінде болғаны анықталды. Оны медициналық сараптама дәлелдеп берді.

ҚР Еңбек Кодексінің 48-ші бабы, 1-ші тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмысшымен келісім шартты жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған жағдайда бұза алады.