Қапшағайдың болашағы зор - ҚР президенті

"Мен Қапшағай қаласының болашағы зор деп есептеймін. Сол үшін мен осында келдім. Біз Қапшағай су қоймасының оң жағалауында зор кешенді салу үшін үнемі инвесторларды іздестірудеміз", - деді Н. Назарбаев.

"Соңғы уақыттарда Лас-Вегас қаласының құрылысына атсалысқан Американың ірі компанияларының бірі Қапшағайдағы құрылысқа үлкен қызығушылық танытып отыр. Мен ойымыз іске асады деген ойдамын. Біз болашақта үлкен ойын-сауық кешеніне ие боламыз", - деді президент.

"Біз жоба бойынша осында қонақ үй ашатын инвесторларға қонақ үйдің астыңғы қабаттарында ойынхана ашуға рұқсат етуіміз мүмкін", - деп атап өтті президент.