Қақаған аязда Приозерскіні жылусыз қалдырған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты


Сотта шенеуніктің қызметіне салақтық танытқаны дәлелденді. Приозерск қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы Осман Қаланбаев жылу электр станциясындағы ахуалды қараусыз жіберген. Ал оны бақылау тікелей міндетіне кірсе де, жалғыз қазандықтың жұмысын уақытылы тексеріп отырмаған. Соның салдарынан қаңтардың қақаған аязында 13 мың халқы бар қала мен әлеуметтік нысандар екі апта бойы жылусыз қалған болатын.