Қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы тауларына шығуға тыйым салынды

Синоптиктер Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 Алматыда қар көшкіні болуы ықтимал - ТЖД Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен Алматы (2500 метр биіктікте) және Кіші Алматы (2300 метр биіктікте) су алаптарында 20-22 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Қар көшкініне ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. "Тауға шыққан жағдайда абай болыңыздар" деп ескертеді мамандар.