"Қара басына ие бола алмайтын еркек қатын алмасын": Үйдегі ұрыс-керісті "тілі ұзын" әйелдерден көретін депутаттың басы бәлеге қалды

Халық қалаулысы үйдегі ұрысқа тек ер адам кінәлі емес екенін, жанжалдың бәрі "тілі ұзын әйелден" шығатынын айтып, қатаң сынның астында қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Естеріңізде болса, күні кеше Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев үйдегі ұрыс-керіске әйелдің "ұзын тілі кінәлі" екенін ашып айтқан еді. Алайда оның бұл ойы халықтың ашуына тиді. Көпшілік депутатқа орнын босатуын талап етіп, өз сөзіне абай болуды талап етуде. 

"Әйелдің тілі әділдік жоқ жерде шығады. Қара басына ие бола алмайтын еркек қатын алмасын. Сонда тыныштық орнайды", "Отбасыдағы жанжал - қолы ұзын еркектен! Зорлық-зомбылықты ақтайтын және жақтайтын депутаттар мәжілісте отырмау керек!", "Тілі ұзын әйелдің тілін қысқарту керек болса, қолы ұзын “еркектің” ҚОЛЫН ШАБУ КЕРЕК!!!", "Билік басындағылар зорлық-зомбылықты ақтап тұрғанда бұл қылмыс тоқтамайды. Сондықтан адам өмірін жаншуды қолдайтын депутат мәжілісте отырмау керек!", - деп шулады халық.