Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Шымкент қаласында бетіне қара маска киген орыс бала қыздарды ұрып-соғып жүр. Оқиғаның мән-жайы видеода былай деп баяндалған.
- Түнде сіңілім жылап келді. Беті-аузы ісіп кеткен. Бәрімізге звандап, ала алмаған. Бетіне қара маска киген бала ұрған.
Оқиға орнына полиция қызметкері шақырылған. "Бірақ, ол бәрібір таба алмаймын, қайдан табамын деп кетіп қалды. Бұның бір шешімі болу керек. Жалғыз менің сіңілім емес, басқалардың да зәбір көргенін қаламаймын", дейді видеода сөйлеген келіншек.
Осы оқиға бойынша заңгер Айгүл Орынбек халықтың көмек сұраған жанайқайын жеткізді.
"ҚР Ішкі істер министрлігі Министр Марат Ахметжанов!
Міндетті түрде кішкентай қыз зорланып, халық шулағанда ғана жұмыс жасайсыздар ма?!
Шымкент қаласы “Азат” мөлтек аудан тұрғындары үреймен өмір сүруден шаршап менен көмек сұрап отыр!
Себебі “қорғайды” деген полиция қызметкерлерінен көңілдері қалған!
Президентіміз айтқан “Қауіпсіз мемлекет” қайда?
Қыздарымыз көшеге шықпай, жұмыссыз отыру керек пе?
Қара маскі киген белгісіз адамды ұстау үшін арнайы операция жүргізуге болмайды ма?
Полиция қызметкерлеріне қалай жұмыс істеуді үйретеміз бе? Әлде қылмыскерді өзіміз ұстап апарып берейік пе? Ондай болса полицияның бізге не керегі бар?
“Азат” мөлтек аудан тұрғындарынан сауал жүргізсеңіз, бұл бірінші рет емес, бірнеше рет болғанын бәрі шырылдап тұрып айтып береді.
Тіпті учаскілік полицейлер жергілікті тұрғындардың чатына қосылып, қаланың қауіпсіздігі үшін халықпен бірге жұмыс жасау керек деп үнемі айтып жүремін.
Қайда реформа? Қайда Жаңа Қазақстан?", деп жазды заңгер.