Қара Ертіске батып кеткен Риддер тау-кен байыту директоры мен жұмысшысының денесі табылды

Олар 7 қарашадан бері іздестірілуде. Оларды  соңғы рет көрген орыннан балық аулау құралдарымен бос қайық табылған. Юрий Сиников «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен-байыту кешенінің директоры қызметін атқарса, ал Сергей Рогозин Тишинск кенішінің үңгушісі болып істеген.

Ертең, 18 қарашада, Риддер қаласының Мәдениет үйінде марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.