Қара нәсілді қыз қазақша ән айтып, жұртты қайран қалдырды

Ән болғанда да, анау-мынау емес, Шәмші Қалдаяқовтың әні. "Мойынқұмда" Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған болатын. Бұл ән кезінде, қазіргі тілмен айтқанда, нағыз хитке айналған еді. Ол Шәмшінің басқа да шығармалары сияқты той-томалақта жиі айтылатын әндердің бірі болған.