«Қара теңіз -2011» халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар жастар мен жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды


1993-1994 жылдары туған жастар жарыс қожайындарының «Град», «Монтана», Польшаның «Камионка», Румынияның «Раковски» командаларынан басым түсті. Ал 1995-1996 жылғылар «Варна» (Болгария), «Ревуча» (Словакия), «Нарва» (Эстония), «Омуртаг» (Болгария), «Валга» (Эстония), «Ропотамо» (Болгария) командаларын артта қалдырды. ҚР Волейбол федерациясының хабарламасына қарағанда, онда 1995-96 жылғылар барлық қарсыластарын 2:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал 1993-1994 жылғылар тек «Монтана» командасына ғана 1:2 (21:25, 25:16, 12:15) есебімен ұтылып, қалған кездесуді түгелдей айқын басымдықпен аяқтады.