Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Сәуле , қарабет болганың айдан анық.
Кешірім сұрағаның дұрыс. Енді осы кешіріміңді қайта, қайта хроникаңнан жасырғаның дұрыс емес.
Маган күйе жаққан ақпаратың 3 ай тұрды паракшаңда. Енді осы кешірім сұраған өтінішің дәл осылай 3 ай қозғалмай тұруы менің талабым.
Егер орындамасаң - жазалаймын. Өз обалың өзіңе.
Дәл солай сенің екі жүзді Абзал досың жауапқа тартылады.
Намысын нанға сатқан адвокаттарды Аллам өзі аясын", - деп жазды Арман Шораев.
Сәуле Әбілдаханқызы да өзін "қарабет", - деген әріптесін жауапсыз қалдырмады. Шораевқа Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында жауап берді.
"Ареке, Арман Шораев!
Сіз бізді тағы сотқа бергеніңізді ел-жұрт басқаша жорып жатыр.... Ну.... қалай айтсам екен.... Сіз маған ғашық боп қалған шығар деп жатыр...☺️Сенбесеңіз, алдыңғы постымның комменттерін оқыңыз.
Өзім де солай ойлай бастадым.
Әңгіме былай, Ареке.
Алдыңғы сот шешімі 15 жұмыс күнінде күшіне енеді.
Ол деген сөз - 6 қаңтар күні сот шешімі шықты, ертең, 28 қаңтар 15 жұмыс күні болады. 29 қаңтар - пост шығу керек.
Ал мен 9 қаңтар күні - сіздің өкіліңізден сотқа дейінгі талапты алған бойда кешірім пост жариялап тастағанмын.
Жақсы. Қалған әңгімені сотта айтамыз.
Сен қоймайды екенсің, ендеше мен де қоймаймын! Бір тиын ала алмассың менен, осыны біліп қой! Саған миллиондап
"моральдық шығын" төлейтін, біріншіден, менің тырнақтай кінәм жоқ. Екіншіден, кінәм болса да төлемеймін, 10 миллион түгіл, 10 теңгем жоқ саған беретін. И ващще, ақшам бар болса да, төлемеймін! Саған миллиондап төлегенше, сотталып кеткенім артық.
* Менің "фб-достығымда" ол адам ешқашан болған емес, сондықтан сіздерде болса, тегтеп жіберулеріңізді өтінемін", - деп жауап берді Сәуле Әбілдаханқызы.