Қарағандады биыл 16 жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

"Биылғы жылы біз қаланың 15 көлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл мақсаттарға 590 млн теңге бөлінсе, оның 80 млн теңгесі қалалық бюджеттен берілді ", - деді Н. Мәжитов.

Сонымен қатар, "қаланың Октябрь ауданындағы 1 көшесі жөнделетін болады. Бұл жұмысқа 150 млн теңге бөлінді", - деп атап өтті ол.

Н. Мәжитовтың айтуынша, 2008 жылы қаланың орталық Бухар-Жырау және Ленин көшелеріндегі, алғаш рет тұрғындар жүретін кіші жолдары ретке келтіріледі.