«Байқауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады, костюмді әйелдердің өзі дайындады, ол үшін тігін шеберханасын қолдану мүмкіндігі берілді», - деп атап өтті АК-159/9 мекемесіндегі тәрбие бөлімінің басшысы Надежда Салфетникова.
Әділ қазы алқасының құрамына ҚАЖ қызметкерлері, Көксу ауылдық округының әкімдігі, «Хвилинка» украин этно-мәдени бірлестігі орталығының өкілдері мен Абай мәдениет үйінің мәдени-тынығу қызметі бойынша әдіскері енді. Олар бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Барлығы гүлдермен, естелік сыйлықтармен және мекеме әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды», - деп толықтырды Н.Салфетникова.