Қарағанды академиясының бастығы ішкі істер органынан кетті

Бұл қызметке полиция полковнигі Ақынғали Дәрменов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Дәрменов 1978 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы заң институтын, ІІМ академиясының адъюнтурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 2008 жылы Германиядағы Дж.К.Маршал атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі зерттеу орталығында білімін жетілдіріп, 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кембридж университетін аяқтаған. Сонымен қатар оның ғылыми-оқытушылық салада да мол тәжірибесі бар. Қатардағы тергеуші қызметінен ҚР ІІМ Кадрлық саясат департаментінің басшысы қызметіне дейінгі лауазым жолынан өткен. Ал академияның бұған дейінгі бастығы полиция генерал-майоры Д.Кенжетаев ішкі істер органдарынан босатылды.