«SCAT» әуе компаниясының түсіндіруінше, Анталиядан рейстің кешігуі техникалық себептерге байланысты орын алған.
«Гидросұйықтық аққаннан кейін, ұшақтың техникалық жағдайын тексеруге тура келген», - деп хабарлады компаниядан.
Әуежай сайтында Анталиядан кесте бойынша сағат 04:40-де ұшатын борт сағат 19:20-да келеді деп көрсетілген.
Ұшу компаниясының деректеріне сүйенсек, Анталияға рейс тізіміне 233 жолаушы тіркелген. Түркиядан ұшып келетіндер саны да осы шамалас.