Қарағанды билігі «Шахтердің» құрметіне ескерткіш қойып, күлкіге қалды


Шотландиялық «Селтикпен» болған бірінші кездесуден шабыттанған қала билігі Шахтердің құрметіне орталық саябақта команда гүлзарын ашып, ескерткіш орнатқан. Сондағы сән салтанатты облыс әкімінің өзі бастап, қалғаны қоштап шат шадыман болған еді. Алайда аты дардай болғанымен кәдімгі резинадан жасалған доп ертесі -ақ ауып түсіпті. Жөндеуге алып кетті деп алаңдап жүрген жұрт алдына осы доп бүгіндері қайта қойылды. Бірақ, амалы табылмаған ала доп ақыры діңгегіне скотчпен маталып тасталған екен.