Үкіметтің отырысында сейсенбі күні Қарағандының бас жоспары туралы баяндаманы естіген премьер-министр Кәрім Мәсімов "жоспар жіті дәйектелді. Оны қабылдауды ұсынамын", - деді.
Қарағанды әкімі Ислам Тоғайбаев атап өткеніндей, бас жоспарда қарастырылғанындай, " 2015 жылға дейін Қарағандыда жалпы 2,2 млн шаршы метр баспана салынып, қаланың тұрғын үй қоры 11 млн шаршы метрді құрайды". "Жоспарланып отырған мерзімге дейін 17 білім беру нысаны, 9 денсаулық саласының ғимараты, 25 спорттық кешен, 8 кітапхана және 1 театр тұрғызылады".
Оның ақпараты бойынша, бас жоспарға сәйкес, 2015 жылы қаланың тас жол қашықтығы 82 шақырымға ұзартылып, жалпы 1054 шақырымды құрайтын болады. Сондай-ақ, "қала жасыл желектің қоршауына алынып, шахталар маңына ағаштар отырғызылады". "Қалалық жасыл желек аумағы 3 есеге ұлғайып, 1360 га құрайды", - деді ол.
Сонымен қатар, ЖЭО құрылысы, канализиция және су жүйелері орнатылып, суды биологиялық тазалаудың жаңа технологиясы енгізіледі.
К. Мәсімов атап өткеніндей, барлық облыс орталықтары және Алматының бас жоспарлары үкіметтің отырысында бекітілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті