Патрульдік кеменің салтанатты түрде суға жіберілуі шағын мерекеге ұласты. Қызықты сәтке куә болуға оралдықтар отбасыларымен жиналған. Заманауи үлгіде жасалған «Қарағанды» сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүйткиді. Бақылау жүйесі орнатылған кеме өз бетімен 7 күн ашық теңізде жүзуге қауқарлы. Пулеметі де қашықтықтан басқарылады. Шағын болса да бұл кемесі шекарашыларға Каспийдегі табиғат қаскөйлері мен шекараны заңсыз кесіп өткендерді құрықтауға үлкен сеп болары сөзсіз.