Қарағанды кеденшілері 25 млн астам теңгенің контрабандалық тауарын әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жедел-іздестіру шаралары кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаменті контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері жүкке толы "DAF" маркалы мемлекеттік нөмірі - F 894 USM көлік құралын, мемлекеттік нөмірі - 6531 FC жартылай тіркемені және "MAN" маркілі мемлекеттік нөмірі - F 417 TWM көлік құралы мен мемлекеттік нөмірі - 7155 FC жартылай тіркемені тәркілеген. Ол көліктерде Қарағанды облысында тұратын азамат Б. жалған құжаттарды пайдалану арқылы Қытайдан Бақты кеден бекеті арқылы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына енгізілген 2 094 208 теңге сомасындағы халықтық тұтыну тауарлары болған.

"Тексеру барысында декларациядан өткізілмеген тауар сомасы жоғарыда, сондай-ақ, құжатта көрсетілгендей емес 25 662 808 теңгені құрайтыны анықталды. Ал кедендік төлемдер мен салық сомасы 11 033 000 теңгені құрады", - деп атап көрсетті Қарағанды облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері аталмыш дерек бойынша азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209 бабы 1 тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.