«Біз өндіріс желісін кеңейтпекпіз, бұл жұмыстарға сотталғандарды тартпақпыз. Оларға жұмыс орны тікелей колония аумағында беріледі.
Біз бірнеше түзеу мекемесі бар Долинка ауылында орналасқан «Еңбек-Қарағанды» қожалық шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаңтарылып тұрған N41 филиалы базасында инертті тозаң, төсеуіш тас, құрылыс материалдары өндірісін ашпақпыз. Бұрын бұл филиал сотталғандардың қатысуымен тапсырыс берушінің сызбалары бойынша металл конструкциялар дайындаған», - деп «Қазстроймарт 2050» ЖШС басшысы Алксандр Керн үдемелі индустриалдық-инновациялық дамы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Қазіргі кезде кәсіпорын вибротығыздау, тығыздау әдісімен бетон қабырға тастарын, жеңіл, ауыр және қиыршық тасты бетон қалыптарын шығарады. Кәсіпорын Шахтинск қаласында орналасады.
А.Керннің айтуынша, тұтқындар арасынан 65 мың теңге орта жалақымен 36 жаңа жұмыс орны құрылады.
Жоспарланған жылдық өндірістік қуаттылық: төсеуіш тас – 102 мың 960 шаршы метр, іргетас блоктары – 4 мың 400 дана, шлакоблок – 4 мың 400 дана, инертті тозаң – 4160 тонна, төсеуіш тас өндіруге арналған қоспа - 13313 тонна.
Өнім Қарағанды және Ақмола облыстары аумақтарында сатылады.
Жобаның маңыздылығы төсеуіш тас, шлакоблок, іргетас блоктары компоненттерін өздері дайындау есебінен өнімнің арзан болуында, сондай-ақ бюджетке жылына 16 млн 632 мың 232 теңге мөлшерде салық және өзге төлемдер төлеуде жатыр.
Жобаның жалпы құны - 84 млн теңге. Оның ішінде жеке қаржы 14% немесе 12 млн теңге. Банктен алған займдық қаражат - 72 млн теңге.
«2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде несие бойынша сыйақының 10 пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жобаны қолдауларыңызды сұраймын», - деп А.Керн үдемелі инновациялық-индустриалдық даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптау комиссиясының мүшелеріне өтініш білдірді.
Жоба мқұлданды. Отырыста Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдегендей, жоба моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
«Бұл кәсіпкердің бастамасын атап өту қажет, өйткені экономикалық тиімділікпен қатар біз бас бостандығынан айыру орындарында жүрген тұлғалардың тұрақты жұмыспен қамтылуы тұрғысынан әлеуметтік тиімділік көреміз», - дейді облыс әкімі.