Қарағанды колониясында екі тұтқын екі камераласын мерт қылды

"Төтенше жағдай Қаражал ауылындағы АК 159/22 мекемесінде орын алған. Ол жерде қатаң режимдегі зона бар", - деп хабарлады М. Абдулин.

Оның айтуынша, ұрыс-керіс барысында 35 және 30 жастағы екі тұтқын тағы екі тұтқынға дене жарақаттарын салған. Жәбірленушінің екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

"Олардың барлығы да аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар (адам өлтіру және зорлау). Әрқайсысы бірнеше рет сотталғандар. Қазіргі уақытта мекемеде ішкі тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жұмыс істеуде", - деді М. Абдулин.