Қарағанды мешіті жұма уағызын қос тілде жүргізудің жолын тапты


Ислам дінінің асыл құндылықтарын мешітке келушілерге барынша қолжетімді ету бағытында мешіттің намаз оқитын негізгі залына ұзындығы - 2,5 м, ал ені 50 см. болатын электронды жүгіртпе жол тақтасы орнатылды. Бұл тақтадан ғибраты мол хадистер мен аяттар, сондай-ақ хабарландырулар қазақ және орыс тілдерінде беріліп тұрады. "Өңірімізде тұратын халықтың басым бөлігі орыс тілді екендігі белгілі. Соған орай бұл жүгіртпе жолы арқылы қасиетті жұма намаздарындағы мінберден қазақ тілінде айтылған уағыз-насихаттың бір мезгілде орыс тіліндегі аудармасы беріліп отырады. Өз кезегінде бұл жаңашылдық орыс тілді жамағаттың уағыз-насихатты еркін қабылдауына мүмкіншілік беріп отыр. Бұл жаңашылдықты құп көрген қарағандылықтар мешітте жасалып жатқан игі істерге алғыстарын да айтып үлгерді", - делінген мешіт сайтында.