Қарағанды Мұз сарайының аумағында орналасқан зат базары 21 наурызда өз жұмысын бастайды

"ҚР құрылыс комитеті Қарағандыдағы "Ақжолтай" Мұз сарайының жұмыс істеуіне әзірге рұқсат берген жоқ, бірақ, өткен жылдың 13 қарашасында өртеніп кеткен "Ақжолтай" базары 21 наурызда өз жұмысын бастайды ", -деп мәлімдеді кәсіпкерлермен кездесуде базар қожайыны Александр Нефедов.

Базар қожайынына өртке қарсы күрес қызметінің де қарсылығы бар. Олар жойылуға тиіс бірқатар кемшіліктерді көрсетіп нұсқау берген. Олардың айтуынша, ең басты кемшілік - Мұз сарайынан шығатын оқшау мүмкіндіктің жоқтығы. "Яғни, өрт бола қалған жағдайда сарайда жүрген балалар мен бутик сатушылары бір есіктен ғана шығуға мәжбүр болмақ. Ал санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес оған тыйым салынған", -деді Қарағанды облыстық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің төрағасы Айдар Қылдыбаев.

"Сонымен бірге, тексерулерге мораторий жарияланды, енді біз олардың шақыруын күтуге мәжбүрміз", - деді ол.

Ғимарат жаңа емес, күрделі жөндеуде ғана болғандықтан, ғимараттты пайдалануға рұқсатты ҚР құрылыс комитеті беруге тиіс. Әзірге ондай рұқсат жоқ.

Өртке дейін 307 кәсіпкердің сауда орны болса, өрттен кейін жалға алу шартына 288 адам қол қойып, қалған 19-ы жалға алудан бас тартты.

Өрт салдарынан дүние-мүлкінен толық айрылғандардан 8 ай бойы жалға алу ақысы алынбайды. Бірақ кәсіпкерлер коомуналдық қызмет төлемдері мен күзет қызметінің жалақысын өздері төлеуге тиіс. "Мен тек жалға алу ақысы туралы ғана келісімге келдім", - деді А. Нефедов.

Ал басқалары жалға алу ақысы алғашқы 4 айда босатылады. Одан кейін кәсіпкерлер төлем төлей бастамақ. Базар қожайыны бір шаршы метрдің құны мен күрделі жөндеу құнын айтпай отыр.

Мұз сарайында хоккей мен мұзда мәнерлеп сырғанау жаттығулары 25 ақпанда басталған.

А. Нефедовтың айтуынша, залда табло мен орындықтар ауыстырылған.

Өрт дерегі бойынша құқық қорғау органдары тексеруді әлі де жалғастыруда. Облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы Қайрата Дүйсенбековтың айтуынша, өрттің шығуына "тоқ сымының қысқаша тұйықталуы себеп болған". "Бірақ сараптама қазір әлі де жүргізіліп жатыр, сол себепті барлық сұрақққа толық жауапты біз тек бір айдан кейін ғана береміз", - деді ол.