"Қазақмыс корпорациясы" еліміздегі ең ірі әлеуметтік бағдарлы кәсіпорындардың бірі. Оның басшылығы кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалы мен өз бөлімшелері орналасқан өңірді дамытуға баса назар аударады", - деді Н. Нығматулин.
Облыс басшысының айтуынша, "бұл меморандумның өңір үшін маңызы зор, ол қоғамның түрлі салаларына, соның ішінде өңірдің тіршілік қамтамасыздығына қатысты айрықша маңызды бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік береді".
"Мәселен, корпорация "Сары Арқа" хоккей клубы мен "Шахтер" футбол клубын одан әрі қаржыландырып, облыстағы колледждер мен мектептердің 10 таңдаулы түлегін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқытуға қаржы бөледі. Корпорация сондай-ақ, жедел жәрдем қызметіне арнап қосымша автокөліктер, санитарлық қызметке арнап зертхана жабдықтары мен басқа да көптеген қажеттіліктерді сатып алады", - деді Н. Нығматулин.
Меморандумда бұған қоса кәсіпорынның Қарағанды, Балхаш, Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен облыстың Ақтоғай және Бұхар-Жырау аудандарының әлеуметтік дамуына үлес қосатындығы қарастырылған. Бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінеді.
"Бұл меморандумға әріптестік негізде, бизнес пен биліктің әріптестігі принципіне сәйкес қол қойылып отыр", - деді Эдуард Огай.