Барлық тауар партиясы мен оның қожайындары спиртті бір Балхаштық кәсіпкерге сатқалы жатқан жерінен қолға түсті. Олардан барлығы 550 мың теңгеге бағаланған 1000 литр спирт тәркіленді. Ұсталғандар спиртке ілеспе құжаттар мен лицензия көрсете адмады.
Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, спиртті әлгілер жасырын арақ өндіретін цехтарға сатуды жоспарлаған екен. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.