Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы пара алушы полицейлерге қолданылатын жазаны күшейтті

Оның ақпараттарына сүйенсек, жол полициясының екі инспекторы арнайы құжаты жоқ металл сынықтарын әкеле жатқан "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісінен 5 мың теңге көлемінде пара боспалаған. Жүргізуші экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне боспалаушлық дерегі туралы шағым жазған. Полицейлерді пара алғаннан кейін қаржы полициясының қызметкерлері құрықтаған.

2006 жылдың қарашасында Теміртау қалалық соты парақорларды екі жыл сынақ мерзіммен үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Бірақ, Теміртау қалалық прокуратурасы сот үкімімен келіспей, апеллияциялық наразылық танытқан.

Наурыздың басында Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы үкімді өзгертті: жол полициясының бұрынғы инспекторлары жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік билік органдарында бес жыл ішінде қызмет атқаруға тыйым салынған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті