Атап айтсақ, Қарағанды облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлері Теміртаудағы бұрынғы орталық автокөліктерді жөндеу шеберханасының базасында жүзеге асырған шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде "Mittal Steel Temirtau" АҚ аумағынан ұрланған 12 бума металл өнімдері тиелген "Татра" маркалы екі автокөлікті ұстады. "ВАЗ-21099" маркалы номері жоқ жеңіл автокөлігі солармен бірге келе жатқан. Ұстау шарасы кезінде оқиға орнынан оқтары бар, рұқсат құжаттары жоқ аңшы мылтығы тәркіленді.
Тексеру барысында мәлім болғанындай, қылмыстық әрекетті жүзеге асыру мақсатында жүк автокөліктерінің мемлекеттік номерлері өзгертіліпті. Комбинат аумағында еркін жүру үшін автокөліктің кабинасына "Mittal Steel Temirtau" деп жазылған.
Қазір тергеу алдындағы тексерулер жүргізілуде.