Қарағанды облысы Абай ауданында төтенше жағдай жарияланды


«Абай ауданының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. ТЖ резерв қорының қаражаты есебінен шаралар қабылданады», - деді М. Қатпанов баспасөз мәслихатында.

Ол облыста күрделі жағдай 23 желтоқсаннан бастап қалыптасқанын атап өтті. «30 желтоқсанда да жел күшейіп, бұрқасын болатыны туралы ескерту алдық», - деп  қосты ол.

Облыс жолдарында қар құрсауында қалған жүздеген көліктерге көмек көрсетілді. Ведомствоның хабарлауынша, қарға малтыққан  көліктер саны мыңға жуық.
«Облыста жол қозғалысының шектелуіне байланысты кептелісте, өткізу пункттерінде тұрған көліктер:   1480 бірлік техника, оның ішінде жүк көлігі  - 1303, автобус  - 27, жеңіл көлік - 150, оның ішінде  Осакаровта - 150, Қарағандыда - 200,   Ақсу-Аюлы - 350, Балқашта - 700 және  «Спасск»  аумағында - 180», - деп нақтылады М. Қатпанов.