Қарағанды облысы Балқаш колониясында тігін цехы ашылды

 «Бас бостандығынан айыру орындарында өндірісті кеңейту мақсатында бүгінде шағын және орта бизнес белсенді түрде тартылуда. Бұған тігін цехын пайдалануға беру айқын мысал бола алады. Салтанатты ашылу рәсімінде Балқаш қ. әкімінің орынбасары Айдын Қопашев, Балқаш қ. прокуроры Қанат Сәлімбаев, АК-159/21 мекемесінің бастығы Жанат Көпеев дәстүрлі қызыл лентаны кесті», - деп атап өтті ҚАЖ Қарағанды облысы бойынша департаментінің жазаға тартылғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы  Зәуре Бекмұхамбетова.

«Ашылған қосымша жұмыс орнында жазасын өтеушілер алғашқы өнімді шығарып та үлгерді. Бұл көлік қабы мен жиһаз қаптауышы», - деп қосты З. Бекмұхамбетова.