Бұл туралы облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 1 тамызында қылмыс құрамының болмауына байланысты ҚР ҚПК 37-бабының 4-бөлімі 2-тармағы негізінде аталған қылмыстық іс тоқтатылды. Процесуалды шешімінің заңға сәйкестігін тексеру үшін іс Қарағанды облысының прокуратурасына жолданды», - деді Г. Сүлейменова.
Бұрын хабарланғандай, 2013 жылдың 4 наурызында Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясының департаменті Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Сәдуақасовқа қатысты ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлімі «г»-тармағы («Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол инсулин емдік құралын сатып алу үшін 19,5 млн.теңге сомасында бюджеттік ақша қаражаттарын жымқырды деп күдіктелген. Шенеунікке қатысты ешқайда кетпеу туралы қолғат түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.