ТЖМ ақпаратына сәйкес, 9 қарашада сағат 06.25-те Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Қызылорда - Павлодар тас жолының 553-ші шақырымында "КамАЗ" көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қарағанды- Жезқазған бағытында кетіп бара жатқан, ішінде 30 адамы бар "МАН" жолаушылар автобусымен соқтығысты.
Апат салдарынан 12 адам зардап шекті: "КамАЗ" жүргізушісі мен оның 39 жастағы жоалушысы, "МАН" автобусының 5 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылып, тағы бес жолаушы дәрігерлік көмектен кейін үйлеріне жіберілді.
Сондай-ақ, ОҚО Ордабасы ауданында 9 қарашада сағат 03.40-та Шымкент - Бадам - Арыс тас жолының 4-ші шақырымында "Фольксваген" және "Опель" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Опель" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі, оның 28 жастағы жолаушысы, сондай-ақ, "Фольксваген" көлігінде отырған 49 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тауып, "Фольксваген" көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен оның 42 жастағы әйел жолаушысы ауруханаға жатқызылды.