"Оның орнына облыс прокурорының бірінші орынбасарлық қызметіне, бұған дейін ҚР бас әскери прокурорының орынбасары болған Талғат Таңатаров тағайындалды ", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Сонымен қатар баспасөз қызметі хабарлағанындай, осы уақытқа дейін Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған Ыбрайым Иманов облыс прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Ал Жаңаарқа аудандық прокуроры қызметіне облыс прокурорының көмекшісі болған Әзімхан Қосанов келді.
" ҚР Бас прокуратурасының бұйрығымен облыс прокуратура органдарында басшылардың орын ауыстырулары мен тағайындаулары құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды нығайту мақсатында және прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.