Қарағанды облысында 20 мың гектар аумақты шарпыған өртпен күрес жүргізілуде

Мекеме ақпаратына сәйкес, табиғи өрт 27-қыркүйекте Бұқар Жырау ауданында шыққан. Ол 3 гектар аумақтағы шабындық пен 2 гектар жердегі орманды алқапты шарпыды.

23 сағаттағы жағдаймен өрт аумағы 20 мың гектар дала мен 3 гнектар орманды қамтыды.

Өрт сөндіру шарасына 44 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 24 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті