Қарағанды облысында 25 әкім сайланды

«30 қыркүйекте Қарағанды облысының  сегіз ауданында қызметінен босатылған әкімдердің орнына жаңа басшыларды сайлау өтті. Атап өткенде, сайлау Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында өткен. Сайлау барлығы 24 ауылдық округ пен Абай қаласында өтті», - делінген хабарламада.

Бәсекелестік орташа алғанда бір орынға үш адамды құраған.

«Ережелерге сәйкес, әкімдер қызметіне барлық кандидатуралар жергілікті қауымдастықпен келісілген. Сайлау жасырын дауыс беру кезіндегі жанама сайлау құқығы негізінде өтті. Сайлаушылар жергілікті мәслихаттардың депуттары болды», - деп атап өтіледі хабарлама.

Жаңа сайланған барлық 25 әкімнің жоғары білімі бар, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың кәсіби талаптарына сай. Олардың арасында бесеуі - әйел. Орташа жасы - 41-де.