Қарағанды облысында 5 қаңтарда күн суытып , боран соғады деген ескерту жарияланды

Күн райын болжаушылардың хабарлауынша, қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні ауаның температурасы 25 - 30 градусқа дейін, ал өңірдің солтүстік бөлігінде 35 градусқа дейін аяз болады.

"5 қаңтар күні күндіз боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді", - деп хабарлайды орталықтағылар.