Оның ішінде 6 ұйым облыстық коммуналдық меншікке, 37 ұйым аудандық коммуналдық меншікке және «Сарыарқа» ҰК» АҚ еншілесі болып табылатын «Арқа-Изобилие» орталықтандырылған өндірістік-бөлшек компания1 ЖШС тиесілі.
Облыстық коммуналдық меншік ұйымдары арасында Жолаушылар көлігін басқару орталығы, мемлекеттік қызметкрелерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығы, салауатты өмір салтын құру облыстық орталығы, «Индустриалдық Қарағанды» және «Орталық Қазақстан», «Шаруашылық басқару» ЖШС бар.
Мемлекеттік және квазимемлекеттік нысандарды оңтайландыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен бәсекелі ортаға Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы, «Сарыарқа» хоккей клубы, «Қарағанды» воллейбол клубы, «Тұлпар» шағын футбол клубы, «Шахтер» футбол клубы және Қарағанды облысының МЖК аймақтық орталығы беріледі.
Сонымен қатар, облыстық медицина орталығы және Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология орталығы кейіннен сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беріледі.
Облыс әкімінің қаулысымен 2014-2016 жылдары коммуналдық меншік ұйымдарын жекешелендіру кестесі бекітілді. Облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселесі жөнінде тұрақты комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кіреді.
Кестеге сәйкес, 2014 жылы 6 облыстық 1 аудандық коммуналдық меншік ұйымы жекешелендіріледі, ал 2 ұйым сенімді басқаруға беріледі.
Жекешелендіру нысандарын сату туралы хабарламалар ақпарат құралдарында және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланады. Бұл жекешелендіруге қатысу үшін халықты кеңінен тартуға мүмкіндік береді.
11 тамыз күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы қаралған кеңес өткізді.
Кеңесте биыл 1 қыркүйекте басталатын мүлікті заңдастыруға дайындық барысы қаралды.
«Заңдастыру – стратегиялық маңызы бар шара. Ол капиталдың белгілі бір бөлігін көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан біз 2006-2007 жылдары мүлікті заңдастыру барысында жіберілген барлық қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз қажет», - дейді облыс әкімі.