Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соққан төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

"316 бап (немқұрайдылық) бойынша іс қозғалды. Нақты кінәлілер ауқымы жоқ, бірақ селге қарсы шаралар үшін жауапты жергілікті және облыстық деңгейдегі лауазымды тұғалардан жауап алынады", деді дүйсенбіде облыстық прокуратурадан.

Ауылда төтенше жағдайдың салдарын реттеу жұмыстары жалғастырылып отыр.

Оқиға болған орынға жеткен ТЖМ басшысы Владимир Божко облыс әкімімен бірге су жайылған аумақты үстінен ұшып өтіп қарап шықты. Ауылда суды сорғытып алу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Ауылға кіре беріс жерде ТЖ департаменті мен полиция қызметкерлерінің есебінен бекет қойылған.

"Бөтендерді ауылға жібермей жатырмыз, өйткені топырақ шайылып кетіп жатыр", деді кезекте тұрғандардың бірі.

Тілшінің айтуынша, жолға жақын жерде балшықтан шыға алмай қырылып қалған  жеті шақты сиыр мен қой жатыр.

Алдында хабарланғандай, Көкпекті су қоймасының плотинасы өткен түнде шайылып кеткен. 810 үйдің жүзден аса үйін су басып қалған. Бес адам қаза болды, алтауы "мұздап қалып" ауруханаға жеткізілді, енді бес адамнан хабар жоқ.

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы Көкпекті кентіндегі төтенше жағдайға күннің күрт жылынуы себеп болған, дейді Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

«Кеше көрдіңіздер, 18 градусқа дейін жылынды. Соның салдарынан қар еріп, жан жақтан су тасыды», - деді ТЖМ басшысы журналистерге берген сұхбатында.Оның сөзіне қарағанда, қазір судың қандай деңгейде болғаны анықталып жатыр.

«Су ағыны екпінінің күшті болғаны сондай, ол бөгетті басып кеткен», - деп атап өтті В.Божко.

Ол көшелерде су ағыны 1 метрден асқанын атап өтті. Сонымен бірге, министр су қоймасын көшіру бойынша мәселенің зерттеліп жатқанын хабарлады.


«Бұл бөгет жекеменшік болып табылады, сондықтан оған қойылар сұрақ та көп», - деді ол.

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев су қоймасының «Шаңырақ» ЖШС-нің меншігі екенін нақтылады.

«Меншік иесі - «Шаңырақ» ЖШС, олар су қоймасын «Сантехпром» ЖШС су қоймасына берген. Кімнің есепке алғаны жайлы құжаттарды қазір көтеріп жатырмыз», - деді облыс әкімі Б.Әбдішев.

Қарағанды облысы Көкпекті ауылында апаттан келген залалды анықтау бойынша комиссия жұмысқа кірісті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

орын алған төтенше жағдайды жоюға байланысты жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта су деңгейі біршама төмендеді, үйлердің жертөлелері ғана су астында қалып отыр. Суды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына жеткен ҚР ТЖ бойынша министрі және облыс әкімі су басқан төңіректі аралап ұшып шықты, аулалар бақылауға алынған.

ТЖ-ны жоюға апаттар медицина бөлімдері, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкінен 150-ден астам адам мен 19 құтқару техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, ІІБ-ның 20 адамы мен 4 техникасы, денсаулық сақтау басқармасының 30 адамы мен 10 техникасы, жергілікті атқару органдарынан 3 техника мен 10 адам тартылды.