Қарағанды облысында адамды өртеген күдікті ұсталды

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

 «Облыстық ІІД басшылығының жіті қадағалауымен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстауға барлық шараларды қолданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол зардап шегушімен кикілжің кезінде оны жарақаттап, кейін қылмысын жасыру үшін денесін өртеп жіберген», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 20 мамырда Теміртау қаласында өртеніп кеткен ер адам мәйіті табылды, осы іске қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Қазіргі күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр

 

Оқи отырыңыз:

Алдап кетті ме - Сиви Махмуди тағы қандай уәдесінде тұрмады
KADEX көрмесіндегі қайғылы оқиға: ер адам ауруханада көз жұмды

Ақтөбедегі жындыханада дәрігерлер емделіп жатқан әйелдің буындырып өлтірілгенін жасырмақ болған