Қарағанды ​​облысында Антикор қызметкері жол апатын жасап, қашпақ болды деген күдікке ілінді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желілерде тараған видео негізінде Жезқазған өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріледі", - деді Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің мас жүргізушіні қуған және оны ұстаған сәтінің видеосы тараған болатын. Видеодағы жазбада оқиға Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында болғаны, полициядан жасырынуға тырысқан жүргізуші мемлекеттік қызметші болуы мүмкін екені айтылған болатын.