Қарағанды облысында артилериялық снаряд корпустары табылды

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 30 мамырда 15 сағат 45 минутта Балхаш-1 теміржол станциясында локомотивтік депосында жиналып тұрған артилериялық снаряд (диаметрі - 150 және 122 миллиметр, салмағы - 10 тонна) корпустары табылды.

"Жарылғыш заттардың қалдықтары табылмады, полиция қызметкерлері ҚР қорғаныс министрлігінің саперлері келгенінше снаряд табылған жерді қоршауға алды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.