Артиллериялық снарядқа ұқсас затты Шахтинск қаласының тұрғыны 31-мамыр күні 14 сағатта тауып алған. Оқиға орнына келген әскери мамандар табылған заттың артиллериялық снарядтың 85 диаметрлік оқтұмсығы екенін, оның әлі де қолданысқа жарамдылығын анықтады. Аталмыш дерек бойынша арнаулы комиссия құрылды. Снарядты арнаулы көлікпен қала сыртына алып шыққан саперлер оның көзін жойды.