Қарағанды облысында әскери бөлім командирінің орынбасары мемлекеттік қаражатты жеке басына пайдаланғаны үшін айыппұл төлейтін болды

Әскери тергеу органдарының ақпаратына қарағанда, қаражаттың сақталуына жауапты Уәлибек Ыбыраев 2005-жылдың қаңтар айынан 2006-жылдың маусымы аралығында есептік құжаттарды қолдан жасау арқылы (әскери қызметкерлерге ақшалай үлесті және жалақы ведомствосын) мемлекеттік қаражаттың 26 млн.23 мың 622 теңгесін жымқырған.

Командирдің орынбасары үстінен 2006 жылы маусымда ҚР ҚК 314 бабына(құжатты жалған жасау ) және ҚР ҚК 176 бабына (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жұмсау) сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Сот отырысы барысында әскери прокурор У.Ыбыраевты алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда, Қарағанды горнизонының әскери сот төрағасы Виктор Букарев жеңіл шешім шығарды. "Кінәсін мойындағанын үшін, істеген қылмысына өкініп, ұрлаған қаражатты қайтарып беруін назарға ала отырып, алғашқы сотталуын, қызмет орнынан берілген жақсы мінездемеге қарай, отбасы жағдайын (кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар) ескере отырып , сот оның мүлкін тәркілеп , 700 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл салу және төрт жылға дейін қаржыға байланысты қызметке орналасу құқығынан айыру туралы үкім шығарды",-деді В.Букарев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті