Қарағанды облысында әскери-дәрігерлік комиссия төрағасына пара алды деген айып тағылды

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, «полиция подполковнигі 15 мың теңге пара алу үстінде қолға түсті. Ол туысын полицияға жұмысқа орналасу үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан өткізбек болған азаматтан алған».

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қолхат негізінде босатылды.