Қарағанды облысында атасы 3 жастағы немересін пышақтап өлтірген


Оқиаға Шет ауданындағы Ақадыр ауылында болған. Күдікті ретінде 39 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. 

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Қазіргі кезде полицейлер күдіктіні табу мен ұстау бойынша барлық қажетті шараны қолға алды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.