Қарағанды облысында автобус пен екі автокөліктің соғысуы салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат облыстың Ақтоғай ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 582-шақырымында 14-қыркүйекте 04 сағат 05 минутта болған. Астанадан келе жатқан "Мерседес" коммерциялық автобусы мен "Ниссан" және "Тойота" автокөліктері соғысты. Автобус салонында 36 жолаушы болған.

Апат салдарынан "Ниссан" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, соның ішінде омыраудағы бала оқиға орнында жан тапсырды. Автобустың жүргізушісі мен оның бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті