Қарағанды облысында автокөлік пен тепловоздың соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, 12 ақпанда 23 сағат 20 минутта Қарағанды облысының Қаражал қаласында реттелмейтін темір жол өткелінде "ВАЗ-2105" автокөлігі мен №6798 (кен тиелген 8 вагон) тепловозы соқтығысты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты салдарынан "ВАЗ-2105" көлігінде отырған әйел оқиға орнында қаза тапты. Автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.