Қарағанды облысында автокөліктің жылу құбырын соғып кетуі салдарынан бір адам мерт болып, бесеуі жараланды



Мекеме ақпаратына сәйкес, апат бүгін түнде 02 сағат 10 минутта болған. "ВАЗ-21099" автокөлігінің жүргізушісі жылу электр орталығының маңында жүріп жылу құбырын қағып кетті.

Оқыс оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында опат болып, бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.