Қарағанды облысында Балхаш-Қарағанды бағытындағы жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында болған. 26-ақпанда 00 сағат 38 минутта Балхаш-Қарағанды бағытындағы №605 жолаушылар поезы апатты жағдайда тоқтатылды.

Мекеме ақпаратына сәйкес, поездың тоқтап қалуына пантографтың сынуы себеп болған. Соның салдарынан Свердловск-Бішкек бағытындағы №306 және Алматы-Астана бағытындағы №1 поезд кешікті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті